Қалтафоныңыздың сіз білмейтін құпиялары
(Қабырғаңа сақтап қой)
1)112 нөмірін терсеңіз,ол дүние жүзі бойынша тарайды. Бұл шұғыл жағдайда көмекке шақыру нөмірі. Ол нөмір сіз байланыс аясынан тыс жерде болсаңыз да телефоныңыз жабық режимде тұрса да істей береді. Телефоныңыздан 112 нөмірін теріп, байланысқан жағдайда тиісті орган сіздің тұрған жеріңізді сол мезетте ақ анықтап шұғыл шара көрсетеді.
2) Кілтіңізді автакөліктің ішінде ұмыттыңыз, есігі жабылып қалды делік. Егер үйіңізде қосымша кілт болса барып әуре болмайсыз.Үйіңіздегі адамға телефон соғасыз. Ол кілтті қолына алады да телефонның жанында ұстап басқышын басады. Сол кезде сіздің көлігіңіздің есігі ашылады. Ара қашықтығы қандай болса да бәрібір. Мың шақырым жерде болса да осылай ашып аласыз, тек телефон қоңырауы жетсе болғаны.
3) Телефонның ішінде сақтаулы тұратын қосымша қуаты болады. Мысалы, сіз қоңырау күтіп тұрсыз. Ал телефонның қуаты өшіп қалған. Ондайда телефонның резервтік аккумуляторын қосуға болады. Ол үшін *3370# белгілерін теру керек. Сол сәтте телефоныңызда сақтаулы қосымша қуат іске қосылып елу пайыздық қуат береді. Сіз қалауыңызша пайдалана бересіз. Ал кейін сіз телефоныңызды қуаттағанда резервтік аккумуляторы қайта қуаттанады.
4) Телефоныңызды ұрлап кеткен жағдайда оны қалай жабық режимге қояды?
Телефоныңыз жаныңызда жүргенде оның сериялық нөмірін білу үшін ( жұлдызша торша 06 торша)белгілерін тересіз. Экраныңызға 15 саннан тұратын код шығады. Әр телефонның осы сияқты жеке коды болады. Соны көшіріп алып, сақтап қойыңыз. Егер телефон ұрланған жағдайда әлгі кодты операторға хабарлаңыз. Оператор сіздің қолды болған дүниеңізді жабық режимге салып қояды. Содан кейін оның СИМ картасын ауыстырған күнде де пайдалану мүмкін болмайды. Әрине, телефоныңызды қайтара алмайсыз, бірақ оны алған адам да пайдаға асыра алмайтынын ескеріңіз.